Бұл – Қазақстан әйелдер құрамасының тарихындағы ең жоғары көрсеткіш.
Ұлттық құрама Чехия, Швейцария, Германия, Аустралия, Жапония, Бельгия және Франция сынды құрамаларды артта қалдырды.
Еске салайық, биылғы сәуір айында Қазақстан құрамасы сәтті іріктеу кезеңінен өтіп, тарихта үшінші рет Billie Jean King Cup командалық әлем чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алды. Әлемнің ең мықты сегіз құрамасы қатысатын финалдық кезең 16–21 қыркүйек аралығында Қытайдың Шэньчжэнь қаласында өтеді.