Орал қаласында полицейлер студентті қорқытып, телефон арқылы ақша аудартқан 21 жастағы азаматты ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Батыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тергеу мәліметінше, күдікті студентті қорқытып, оған мобильді қосымша арқылы ақша аударуға мәжбүрлеген. Жедел әрекет еткен тәртіп сақшылары қылмыс жасаған азаматты ізін суытпай ұстаған.
«Қазіргі таңда аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Белгілі болғандай, ұсталған азамат бұған дейін де түрлі құқық бұзушылықтар жасағаны үшін жауапкершілікке тартылған», – делінген полиция таратқан ақпаратта.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Іс бойынша тергеу жалғасып жатыр.