$516.16 €584.86 ₽6.25
×

Мүгедектігі бар адамдарға 225 мыңнан астам қызмет көрсетілді

AstanaTV
03.05.2025ж. 20:20
159
Мүгедектігі бар адамдарға 225 мыңнан астам қызмет көрсетілді
Фото: ©El.kz

2025 жылдың басынан бастап Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы мүгедектігі бар адамдардың 225,8 мың тапсырысы орындалды, оның ішінде: шамамен 172,9 мың оңалтудың техникалық құралдарын, 7,7 мың – ымдау тілі қызметін, 24,4 мың – жеке көмекшінің, 20,8 мың – санаторийлік-курорттық емдеу қызметін алды.

Портал мүгедектігі бар адамдарға оңалтудың техникалық құралдары мен қызметтерін өндірушіні және жеткізушіні өз бетінше таңдауға мүмкіндік береді. Көмек түріне тапсырыс беру көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен растау арқылы жүзеге асырылады. Тапсырыс берілген оңалтудың техникалық құралдарын жеткізу немесе өз бетінше әкету арқылы алуға болады.

Мүгедектігі бар адамдарды оңалту құралдарымен қамтамасыз ету протездік-ортопедиялық, сурдотехникалық, тифлотехникалық және гигиеналық құралдар, сондай-ақ кресло-арбалар беруді қамтиды.

Бүгінде Порталда 643 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуші, 999 ОТҚ жеткізушісі, 31 мыңнан астам жеке көмекші, 757 ымдау тілі және 131 санаторийлік-курорттық емдеу қызметтерін ұсынушы тіркелген.

Порталды пайдалану бойынша консультацияларды қолдау байланыс орталығынан, яғни 1414 бірыңғай нөмірі арқылы хабарласуға болады.