$516.16 €584.86 ₽6.25
×

Зеленский Жеңіс күніне орай бітім жариялау туралы Путиннің ұсынысын қабылдамады

AstanaTV
03.05.2025ж. 21:19
147
Зеленский Жеңіс күніне орай бітім жариялау туралы Путиннің ұсынысын қабылдамады
Фото: AP Photo / Efrem Lukatsky

Украина президенті Владимир Зеленский Ресей президенті Владимир Путиннің 9 мамырда бітім орнату туралы ұсынысын қабылдамады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Сонымен қатар Зеленский Ресейді 30 күнге атысты тоқтатуға шақырды. 

“Неге атысты 30 күнге тоқтату керек? Себебі үш, бес, жеті күнде қандай да бір келісімге келу мүмкін емес”, – деді Зеленский журналистермен кездесу барысында. 

Украина президенті Путиннің 9 мамырға орай бітім жариялау жайлы ұсынысын “үлкен театр қойылымы” деп бағалады.