$516.16 €584.86 ₽6.25
×

445 браконьерге 10,9 млн теңге айыппұл салынды

AstanaTV
04.05.2025ж. 07:40
53
445 браконьерге 10,9 млн теңге айыппұл салынды

Елімізде "Бекіре - 2025" табиғатты қорғау акциясы жалғасуда, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл бастама Жайық-Каспий бассейніндегі бекіре және басқа да балық түрлерін сақтау мен олардың уылдырық шашу жағдайларын қамтамасыз етуге бағытталған.

1 сәуір - 1 мамыр 2025 жыл аралығында:

593 экологиялық заң бұзушылық анықталды және тоқтатылды

445 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды

19 қылмыстық іс қозғалды (браконьерлік және сирек кездесетін балық түрлерінің заңсыз айналымы)

2 770 кг балық, оның ішінде 582 кг бекіре, 2 кг қара уылдырық, 128 аулау құралдары және 6 су көлігі тәркіленді

Күнделікті тралдау кезінде 379 тыйым салынған аулау құралдары су қоймаларынан алынды

Браконьерлерге 10,9 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.

Операция 2025 жылдың 31 мамырына дейін жалғасады.