$516.16 €584.86 ₽6.25
×

Айнұр Тұрсынбаева өзін «жалмауыз» деген Балғынбек Имашевқа жауап берді

AstanaTV
04.05.2025ж. 08:37
36
Айнұр Тұрсынбаева өзін «жалмауыз» деген Балғынбек Имашевқа жауап берді
Фото: Instagram/balgynbek_imash

Айтыскер ақын Балғынбек Имашев әлеуметтік желідегі парақшасында қажың жазба жариялап, әріптесі Айнұр Тұрсынбаеваны туған күнімен ерекше құттықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.  

«Майдың бірі - Айдың Нұры! Мен үшін мамырдың бірі Бірліктің, Халықтар достығының, Ынтымақ т.б. мереке емес! Бұл күн - 35 жылдық қарсыласым, Жалмауыз, Мыстан, Кобра, Анаконда, Шаян, Бүйі, Жезтырнақ, Коуч, Мотиватор, Псих(олог) тағы қандай өнері бар еді, қысқасы, Айнұр досымның туған күні! Әкесі алапат өнер иесі, Анасы ғаламат мейірім иесі, сіңлісі керемет қабілетті, бауырлары керемет әділетті, қызы қылықты, ұлы білікті, обшым, керемет отбасыдан осындай да «нашар» адам шығады екен-ау», - деп қалжыңдады Балғынбек Имашев.

Ол дегенмен Айнұрды мақтаса да, даттаса да одан артық дос таппайтынын атап өтті.

«Хадисте әйелге төрт нәрсесіне қарап үйленуге болады дейді ғой: Тегіне, сұлулығына, байлығына және иманына. Туған күнінде шіли жамандай бермей, сол төрт критерий бойынша досым туралы шындықты айтайын. Тегіне келсек мін жоқ. Найманның қызы, оның ішінде Қаракерей, оның ішінде Мұрын (әрі қарай Кеңсірік, Мұрынбоқ деп тереңдемей-ақ қояйын) болып кете береді. Ақынмын деп жүргендердің көбі Найманның қыздарының шаңына да ілесе алмайды. Сөз жоқ оны мойындау керек! Сұлулығына келсек, «Атты шал қайырылып үш қарардай» деп Мұхамеджан оның қыз кезін сипаттаған. Кемпір болғанда да жаяу жүрген жастар өңі мен автосалонына бола емес, желі мен чатқа саларына бола да лайк басардай көркі бар. Ал макияж-сакияж, ботекс-мотекс дегенді мен түсінбеймін. Короче, Әр еркектің өз уайымы болады, Әр Еркенің өз Райымы болады», - деп толықтырды ол.  

Имашев досының 50 мың адамға айлық берем деп отырған Отандық компанияның құрылтайшысы екенін де еске салып өтті.

«Бұл, гауһар тасты алтын-күміс шығаратын зергерлік зауыт, көлік пен баспаналары, емдік клиникалары мен тікелей эфирде миллиард жинап тастайтын мимикаларын айтпағанда!!! Иманына келсек, әлхәмдулилләһ, Раббысын таниды, ораза-намазы түгел, садақа-зекеті мол, қажылығын өтеген, орамалда! Алланың алдында біз ойлағаннан да жақсы болсын! Біз білмейтін кемшіліктерін Алла өзі кешірсін! Қорыта айтқанда: Аузында афермация, миында мотивация, тілінде терапия, түрінде анемия, үрейі пандемия, үміті индустрия, бойында сақалға аллергия, ойында айтысқа ностольгия!», - деп сөзін аяқтады айтыскер ақын.

Оның бұл ерекше құттықтауының астына Айнұр Тұрсынбаева: «Мынау мақтау ма, даттау ма?! Сволыш десе...» деп жазып кетті.