Астана алғаш рет пара дзюдодан әлем чемпионатын қабылдайды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі спорт комитетіне сілтеме жасап.
13-15 мамыр күні аралығында Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында 40-қа жуық мемлекеттің спортшылары жаһандық доданың жүлдесін сарапқа салады
Әлемнің үздік пара дзюдошылары Париж Паралимпиадасынан кейін жаңа салмақтарда бас жүлдеге таласпақ.
Айта кететін жайт, 2023 жылдың сәуір айында Астанада пара дзюдодан Азия чемпионаты өткен болатын. Сары құрлықтың 11 мемлекетінің дзюдошылары қатысқан сында Ақмарал Науатбек топ жарып, чемпион атанған еді.