Алматының кішкентай тұрғындары құтқарушыларға қол шапалақтап құрмет көрсетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бостандық ауданындағы көпқабатты тұрғын үйдің ауласында мысық биік ағашқа мініп, түсе алмай қалған. Үй жануарын өз бетінше құтқара алмаған балақайлар 112 қызметінен көмек сұрады.
"Құтқарушылар шұғыл әрекет етіп, үш буынды сатының көмегімен ағашқа көтеріліп, мысықты түсіріп, балаларға табыстады. Куәгерлер шапалақтап, құтқарушыларға құрмет білдірді", - деп жазылған хабарламада.