Алматыда жауған нөсер жаңбырдан кейін Алмарасанда таудан тастар құлады. Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қалалық ТЖД тастардың құлауына қолайсыз ауа райы, яғни қатты жел мен нөсер жаңбыр түрткі болғанын айтады.
"Тастар жеке инвестор салған нысанға құлады. Зардап шеккендер жоқ. 112 - шұғыл байланыс желісіне де осы сипатта қоңырау келіп түскен жоқ. Оқиға орнында Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің инспекторлары болды. Қазіргі уақытта қауіп жоқ", деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.