$521.57 €601.01 ₽6.65
×

ТЖМ өрт сөндірушілері 15 баланы эвакуациялады

AstanaTV
04.05.2025ж. 15:36
238
ТЖМ өрт сөндірушілері 15 баланы эвакуациялады

Орал қаласында С.Тюленина көшесі бойында орналасқан бес қабатты тұрғын үйлердің бірінде жертөлесінде өрт шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алғашқы бөлімшелер келген кезде өрт 40 шаршы метр алаңды қамтығаны анықталды.

Өрт сөндірушілердің жедел және үйлесімді әрекеттерінің нәтижесінде баспалдақ арқылы 40 адам, оның ішінде 15 бала эвакуацияланды.

Өрт толықтай сөндірілді. Өрт салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.