$516.16 €584.86 ₽6.25
×

ШҚО-да ауыр хәлдегі нәресте тікұшақпен Өскеменге жеткізілді

AstanaTV
04.05.2025ж. 17:17
94
ШҚО-да ауыр хәлдегі нәресте тікұшақпен Өскеменге жеткізілді

Шығыс Қазақстан облысында жаңа туған нәрестені ауыр жағдайына байланысты Алтай қаласынан Өскеменге шұғыл түрде жеткізу қажет болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әр минуттың маңызды екенін ескерген дәрігерлер құтқарушылардан көмек сұрады. ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты “Казавиаспас” тікұшағы Өскеменнен Алтай қаласына аттанып, анасы мен сәбиін медициналық мекемеге шұғыл жеткізді.

Ұшуды тәжірибелі ұшқыштар Евгений Гончаров пен Олег Алфеев жүзеге асырды. Санавиация дәрігерлерінің бригадасы нәрестеге жол бойы медициналық бақылау жасап отырды.

«Ұшқыштар мен дәрігерлердің үйлесімді әрекетінің арқасында сәби мен анасы аман-есен Өскемендегі медициналық мекемеге жеткізілді. Қазір олар дәрігерлердің бақылауында», – деп хабарлады ТЖД өкілдері.