$516.16 €584.86 ₽6.25
×

Telegram-да жаңа функция пайда болды

AstanaTV
04.05.2025ж. 21:31
87
Telegram-да жаңа функция пайда болды

Telegram негізін қалаушы Павел Дуров мессенджерге 200 адамға дейін қосылуға мүмкіндік беретін қауіпсіз топтық қоңыраулар функциясы қосылғанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Бұл жаңалық туралы ол өзінің Telegram-арнасында жазды.

"Telegram-ды соңғы жаңарту сізге ультрақауіпсіз топтық қоңырау жасау мүмкіндігін береді. Олар тек шифрланумен ғана емес, тыңдаушы ретінде жасырын қосылуға ешкімнің мүмкіндігі болмауы үшін блокчейнге ұқсас технологиямен қорғалған!" – деді кәсіпкер.

Оның айтуынша, енді қолданушы кез келген қоңырауға, соның ішінде жеке қоңырауларға сілтемелер, QR-кодтар немесе тікелей шақыру арқылы 200 адамға дейін қоса алады.

"Ал егер сізге 200-ден көп қатысушы қажет болса, Telegram топтарындағы дауыс және бейнечаттар ондаған мың қатысушыны қоса алады", – деп түсіндірді ол.