$516.16 €584.86 ₽6.25
×

Таразда жеңіл көлік автобус пен жүк пойызының арасына қысылып қалды

AstanaTV
04.05.2025ж. 23:27
66
Таразда жеңіл көлік автобус пен жүк пойызының арасына қысылып қалды

Тараз қаласында жолаушылар автобусы, жеңіл көлік және жүк пойызы қатысқан жол-көлік оқиғасы орын алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде тарап кетті. Кадрларда жеңіл автокөліктің пойыз бен автобус арасында қысылып қалғаны көрінеді.

«Қазақстан темір жолы» компаниясының мәліметінше, апат 4 мамыр күні сағат 11:25 шамасында Тараз – Жаңатас учаскесіндегі Бурыл станциясының жеке кірме жолындағы теміржол өткелінде болған.

«Mercedes маркалы жеңіл көлік жүргізушісі теміржол өткелінен өту ережесін бұзып, жүк пойызының вагондарымен соқтығысты. Қаза тапқандар жоқ», – делінген ресми хабарламада.

Оқиғаға қатысты тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жергілікті билік пен жауапты органдар жол-көлік оқиғасының себептерін анықтауда.