$521.57 €601.01 ₽6.65
×

Таразда автокөлік жүк пойызы және автобуспен соқтығысып қалды

AstanaTV
05.05.2025ж. 09:20
272
Таразда автокөлік жүк пойызы және автобуспен соқтығысып қалды

Таразда болған ірі жол-көлік апатынан автокөліктің жүргізушісі мен жолаушы жарақат алды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, 4 мамырда Бурыл станциясы кірме жолының (Тараз-Жаңатас учаскесі) жеке теміржол өткелінде жол-көлік оқиғасы тіркелді. «Mercedes» маркалы жеңіл автокөліктің жүргізушісі өткелден өту ережесін бұзған. Салдарынан жүк пойызының вагондарына және маршруттық автобусқа соқтығысқан. 

Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметі хабарлағандай, жол-көлік оқиғасынан мерт болғандар жоқ. Алайда екі адам – 57 жастағы көлік жүргізушісі мен 13 жастағы жолаушыға медициналық көмек қажет болды. Ауруханаға жеткізілген екі адамға «мидың шайқалуы» диагнозы қойылды.