Қазгидромет синоптиктері 6, 7 және 8 мамырға арналған ауа райы болжамын жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Алдағы күндері Қазақстандағы ауа райына оңтүстік циклон әсер етеді. 6-8 мамыр аралығында еліміздің батысында, солтүстік-батысында және солтүстігінде, ал 8 мамырдан бастап орталық, шығыс және оңтүстік өңірлерде жаңбыр, найзағай, кей жерлерде бұршақ күтіледі.
6-7 мамырда Батыс Қазақстан және Атырау облыстарында, 7 мамырда Маңғыстау облысында, ал 7-8 мамырда Ақтөбе облысында қатты жауын-шашын болады деп болжанған. Қарағанды облысында ғана жауын-шашын болмайды.
Елдің оңтүстік-батысында, сондай-ақ 8 мамырда оңтүстік-шығысында құмды дауылдар күтіледі.
6 мамырда Павлодар және Абай облыстарында, сондай-ақ 6–7 мамырда Шығыс Қазақстан облысында түнгі және таңғы уақытта үсік жүруі мүмкін.
Күндіз ауа температурасы әртүрлі болады: батыста 23-30 градустан 21-26 градусқа дейін төмендейді. Солтүстік-батыс, солтүстік және шығыс өңірлерде 20-25 градустан 24-29 градусқа дейін көтеріледі. Орталықта ауа 27-35 градусқа дейін жылынса, оңтүстік және оңтүстік-шығыста 38 градусқа дейін аптап ыстық күтіледі.