$521.57 €601.01 ₽6.65
×

Түрік актері Бурак Өзчивит қазақ баласының тұсауын кесті

AstanaTV
05.05.2025ж. 18:46
175
Түрік актері Бурак Өзчивит қазақ баласының тұсауын кесті

Түркияның атақты актеры Бурак Өзчивит Алматыға келген сапарында қазақ баласының тұсауын кесті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Кино жұлдызы Алматы қаласына келіп, кездесу ұйымдастырған еді. Бір жастағы ұлдың әкесі танымал актерға алғысын айтып, қазақтың дәстүрімен сый-құрмет көрсетті.

"Біз баламыздың тұсауын осы танымал актер, әлемдік деңгейідегі жұлдыз Бурак Өзчивитке кестіргенімізге қуаныштымыз. Біздің туыстарымыз, ата-анамыз оның өнерін жақсы көреді. Біздің баламызға да оның бойынан жауапкершілік, талант пен өнерлі болу дарысын деп тілейміз. Осылайша, оның жеңісті табысын ырымдап тұсауын кестірдік" – деді баланың әкесі.