Әлемге әйгілі әнші, Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайбергеннің қарындасы, блогер Раушан Құдайберген жуырда тұрмысқа шығады. Раушан сырға салу күні ағасымен түскен суретін жариялап, көптің көңілін босатты, деп жазады Azattyq Rýhy.
Ағасымен түскен әдемі суреттерінің астына Раушан Құдайберген үш «жүрек» белгісін қойған. Суретке әлемнің түпкір-түпкірінде тұрған адамдар пікір жазып, жылы лебіздерін арнаған.
«Неткен сұлулық!», «Димаштай ағасы бар Раушан бақытты», «Димаш суретте күліп тұрғанымен, іші күйіп барады ғой», - деп жазған оқырмандары.