Елімізге Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы То Лам мемлекеттік сапармен келді. Мәртебелі мейманды Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әуежайдан қарсы алды. Мемлекет басшылары қысқаша әңгімелесіп, екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың маңыздылығын атап өтті. Сапар аясында шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер өтеді деп жоспарланған. Сондай-ақ бірқатар маңызды құжатқа қол қойылады.