Павлодарда еріктілер тұрғындарға «Жеңіс лентасын» таратты. Дәстүрге айналған шараның мақсаты- жас ұрпақты елін, жерін сүюге баулу. Әрі батыр бабалар рухына тағзым етіп, бейбіт заманның парқын пайымдауға үндеу. Жастар бастамаларын дамыту орталығының ерікті жастары Жеңіс күні қарсаңында қаланы аралап, адам көп жиналатын аумақтарда мыңнан астам лентаны таратпақ. Акция үш күн бойы жалғасады. «Жеңіс лентасы» жай символ ғана емес, үлкенге құрмет, өткенге алғыстың белгісі.
МИЛАНА КУЛАТАЕВА, ЕРІКТІ:
Алдағы уақытта қаланың басқа да аудандарына баратын боламыз. 8 мамыр күні қоғамдық көліктерде лентаны тарату жоспарымыз бар. Біз тек лентаны таратып ғана қоймай, тұрғындарға Жеңіс күнінің мән-маңызын айтып, түсіндіру жұмыстарын да жасап жатырмыз.