$518.53 €588.17 ₽6.39
×

Бауыржан Момышұлының алып портреті әлемдік рекордтар кітабына енді

Бауыржан Момышұлының алып портреті әлемдік рекордтар кітабына енді

Даңқты батыр Бауыржан Момышұлының портреті футбол алаңына бейнеленді. Алып фотомозаика халық қаһарманының 115 жылдығына орай жасалды. «Астана-Арена» стадионының төріндегі суретті елордадағы бейнелеу өнері үйірмелеріне қатысатын 600-ден аса бала әзірлеген. Әр бала өз бөлігін орналастыру арқылы тарихи тұлғаның бейнесін қалыптастыруға үлес қосты. Олар бұл шығармаға бірнеше апта дайындалған. Алып туындының ұзындығы - 70, ені - 32 метр.  2736 шаршы метрлік портрет дүниежүзілік рекордтар кітабына енді.