$518.53 €588.17 ₽6.39
×

Әскери қызмет – абыройлы міндет

AstanaTV
05.05.2025ж. 20:00
92
Әскери қызмет – абыройлы міндет

Әскери қызмет – абыройлы міндет. Бұл -тек жұмыс емес, тұтас өмір салты.   Елордалық Төкешовтер әулеті  үшін бұл ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан дәстүр. Атадан балаға жеткен  мәртебелі мамандықты төртінші буын  жалғастырып отыр.  

Отансүйгіштік жай ғана ұран емес, өмірлік ұстаным. Төкешовтар отбасында әскери форма кию  ата дәстүрге айналған.

Кенжебек Төкешовтің атасы -Ұлы Отан соғысының ардагері. Ал әкесі Жалел Төкешов Самарқан қаласында радиобайланыс саласында қызмет атқарған

КЕНЖЕБЕК ТӨКЕШОВ, ҚР ҚОРҒАНЫС ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ БАС ШТАБЫНЫҢ ТЫҢДАУШЫСЫ:

Отан қорғау біздің әулетіміздің қағидасы десем қателеспеймін. Ол менің жолым, менің әкемнің және атамның жолы балам Асқардың осы әскерге деген, әскери киімге деген қызығушылығы 3 жасынан, кішкентай кезінен басталды десем де болады.


Асқар – Ұлттық ұлан Академиясының үздік курсанттарының бірі. Әскери қызмет – оның бала күнгі арманы.

АСҚАР ЖАЛЕЛОВ, ҚР ҰЛТТЫҚ ҰЛАН АКАДЕМИЯСЫНЫҢ КУРСАНТЫ:


Менің ойымша, әскери қызмет - үлкен жауапкершілік. Сонымен қатар, зор мәртебе, үлкен мақтаныш. Мен де тәуелсіздік үшін жанын пида еткен ата-бабамның даңқты жолын жалғастырғым келеді.


Бүгінде Асқар әскери қызметінен бөлек, ішкі істер органдарына жасанды интеллект негізінде бет-әлпетті танитын инновациялық жоба әзірлеуде.

НАЗЕРКЕ АЛТЫНБЕК, ТІЛШІ:


Батырлық – қанмен беріледі. Ал қызметке адалдық – тәрбиемен қалыптасады. Мұндай әскери әулеттер – ел намысын абыроймен қорғап жүрген нағыз ер азаматтардың ұрпағы.