$518.53 €588.17 ₽6.39
×

Елордада Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай фотокөрме ұйымдастырылды

05.05.2025ж. 20:00
59
Елордада Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай фотокөрме ұйымдастырылды

"Екінші дүние жүзілік соғыс", "Панфиловшы батырлар", "Тылдағы әйелдер еңбегі" және "Теміржол мен Шайқас кезеңдері". Елордада соғыс жылдары түсірілген суреттердің көрмесі өтті. Онда Отанға деген сүйіспеншілік, парызға адалдық, патриотизм мен жанқиярлық тақырыбы бейнеленген. 80 туындыны Kazinform тілшілері таспалап алған. Ұйымдастырушылардың айтуынша, шара 31 шілдеге дейін жалғасады. Бұдан өзге  келушілер үшін патриоттық әндер шырқалып, күй шертілді. Айта кетейік, көрме "Нұрлы жол" теміржол вокзалына қойылған.

НАҒАШЫБЕК АЛДАН, "KAZINFORM" АГЕНТТІГІ БАСҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Бұл жерде бұрын сонды жарияланбаған Kazinform өзінің жеке мұрағатындағы суреттердің көрмесі. 80 жылдыққа орай 80 сурет қоғам назарына ұсынып отырмыз. Сонымен қатар оның видео форматын Қазақстандағы бүкіл теміржол және әуе жайларда видео форматында қосымша таратылады.