$518.53 €588.17 ₽6.39
×

"Химия саласы өнімдерін сыртқа шикізат емес, дайын өнім ретінде шығару керек",- О. Бектенов

05.05.2025ж. 20:00
108
"Химия саласы өнімдерін сыртқа шикізат емес, дайын өнім ретінде шығару керек",- О. Бектенов

Химия өндірісінде шикізаттың 45% экспортқа терең өңделмей шығарылады. Яғни, өңдеу бағытында саланың әлеуеті толық пайдаланылмай отыр. Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектенов үкімет отырысында айтты. Ол химия саласы өнімдерін сыртқа шикізат емес, дайын өнім ретінде шығару керектігін міндеттеді.  

ОЛЖАС БЕКТЕНОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:

Шикізатты терең өңдеу бағытында саланың әлеуеті толық пайдаланылмай отыр. Күрделі өнім шығару көлемі әлі де төмен. Шикізат ресурстары мен мұнай бағасы құбылып тұрған қазіргі жағдайда өңдеу көлемін ұлғайтып, дайын өнімді сыртқы нарыққа шығу керек. Бұл экономиканың қуатын арттырып, сапалы жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді.


Сондай-ақ, үкімет басшысы Полипропилен өндірісінің жоспардан тыс тоқтап қалуына алаңдаушылық білдірді. Зауыттағы мәселелерді биыл 15 маусымға дейін шешуді Премьер-министр «Самұрық-Қазына» қорына жүктеді. Бұдан бөлек, елде күкірт қышқылы тапшы. Олжас Бектенов бірнеше жылдан бері жалғасып келе жатқан мәселенің нақты қашан шешілетінін сұрады.  

ЕРСАЙЫН НАҒАСПАЕВ, ҚР ӨНЕРКӘСІП ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС МИНИСТРІ:

Біздің жоспар бойынша алдағы екі жылда екі зауыт – ЕуроХимҚаратау және Тайқоңыр қышқыл зауыты іске қосылады. Соның нәтижесінде 1,6 млн тонна күкірт қышқылы өндіріле бастайды. Яғни 2028 жылға дейін Қазақстанның ішкі сұранысы толық жабылады.