$518.53 €588.17 ₽6.39
×

Кәсіподақ заңсыз қызметтен қуылған 24 азаматты қайта жұмысқа орналастырды

05.05.2025ж. 20:00
113
Кәсіподақ заңсыз қызметтен қуылған 24 азаматты қайта жұмысқа орналастырды

Кәсіподақ былтыр 4 мың 828 еңбек заңнамасын бұзу фактісін анықтады. Бұл туралы Астанада өткен «Ғасырлық тәжірибе: тарихтан тағылым-болашаққа бағдар» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда айтылды. Ұйым өткен жылы қызметкерлерден түскен 35 мың өтінішті қараған. 715 іс келісу комиссиясында шешілсе, 52-і сотқа дейін жетті. Нәтижелі жұмыстың арқасында заңсыз жұмыстан шығарылған 24 азамат қайта іске кірісті.

АЙГҮЛ МҰҚАШЕВА, ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ САЛАЛЫҚ КӘСІПОДАҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Былтыр кәсіподаққа 10 мыңнан аса жаң мүше кірді. Қазіргі таңда біздің кәсіподақтың мүшелік саны 591 мың. Тағы да қосылады деп ойлаймын. Себебі салалық кәсіподақ өзінің нақты қызметін жоғары деңгейде жүргізіп келе жатыр.


Оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының құрылғанына биыл – 100 жыл. Осыған орай ұйымдастырылған жиынға Халықаралық еңбек ұйымының өкілдері, Мәжіліс депутаттары, сала ардагерлері мен шетелдік сарапшылар қатысты.

ЖАНДОС ШАЙДОЛЛА, ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ САЛАЛЫҚ КӘСІПОДАҒЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ҰЙЫМЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:


Салалық кәсіподақтың қазіргі таңда қатарында 600 мыңға жуық қызметкерлер кіреді. Оның ішінде Түркістан облысынан 25 мыңға жуық мүше бар.