$518.53 €588.17 ₽6.39
×

Сарайшық қалашығына 100-ге жуық тал егілді

05.05.2025ж. 20:00
96
Сарайшық қалашығына 100-ге жуық тал егілді

Атырау облысындағы “Сарайшық” музей-қорығы маңына жүзге жуық тал егілді. Игі шараға мәдениет саласы мамандары қатысты.Қара тал мен жеміс ағаштарының түр-түрі бар.  Болашақта көне қаланы тамашалауға келген туристер жеміс ағаштарының саясында дем алып,  ұлт тарихына тағзым етеді.  Ол үшін күтіп-баптауға да ерекше көңіл бөлінеді. “Таза Қазақстан” жалпыұлттық бағдарламасы аясында санитарлық тазалықпен шектеліп қоймай, қоршаған ортаға  қамқорлық көрсетуді жалғастыра береміз,-дейді ұйымдастырушылар.

АРМАН ӘДІЛҒАЛИЕВ, ОБЛЫСТЫҚ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Негізгі мақсатымыз “Таза Қазақстан” акциясы аясында өзіміздің туған жерімізді көгалдандыру., көркейту бағытында атсалысу. Осы ауылды таңдаған себебіміз Орта ғасырлық Сарайшық туристердің орталығы. Туристеріміз, қонақтарымыз көп келеді. Сондықтан орталықтың жайқалып тұруы біздер үшін маңызды.