Елімізде балық өнімдері нарығының көлемі 7 процентке артты. Былтыр бұл көрсеткіш 94,6 мың тонна болған. Бір ғана Қызылорда облысында өткен жылы 6 жарым мың тонна балық өңделіп, 4 мың тоннасы экспортталған. Арал және Қазалы аудандарында 11 балық өңдеу зауыты жұмыс істейді. Олар өнімдерін елімізден бөлек, 13 шет мемлекетке жөнелтуде. Балық өндірушілерге қолайлы жағдай жасалған. Соның нәтижесінде аймақта 5 жылда су маржанын өсіру көлемі 174 тоннадан мың тоннаға дейін артқан.
ӘДІЛЕТ ЕРҰЛАН, ОБЛЫСТЫҚ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР ЖӘНЕ ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУДЫ РЕТТЕУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:
Аква өсіру шаруашылықтарын субсидиялау мақсатында мемлекеттік қолдау шаралары кеңейтілде. Және де жоба сметалық құжаттамасыз және мемлекеттік сараптамадан өтпей, тек эскиздік жобалар негізінде балық өсіру тоғандарын салуға мүмкіндік берді. Балық шаруашылғын дамыту арқылы ішкі нарықты қамтамасыз еткізгіміз келеді. Және де орта және кіші бизнес субъектілерінің дамуына үлес қосқымыз келеді.