$518.53 €588.17 ₽6.39
×

Атырауда балық аулауға шыққан 17 жасар жасөспірім суға кетті

AstanaTV
05.05.2025ж. 22:00
98
Атырауда балық аулауға шыққан 17 жасар жасөспірім суға кетті

Суға кеткен жасөспірімді іздеуге ТЖ департаментінің 19 құтқарушысы, 6 жүзу құралы және 5 техникасы жұмылдырылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

ТЖ департаментінің берген ақпараты бойынша, 2007 жылы туған Атырау тұрғыны Жайық өзені үстінде моторлы қайықтан суға түсіп кетіп, кері судың бетіне шықпай қалған.

Сонымен қатар іздестіру жұмыстарына полиция департаментінің 8 қызметкері мен 3 техникасы да қатысуда. Іздестіру жұмыстары тоқтаған жоқ.

Суға кеткен жасөспірім 2007 жылы туған, дзюдомен айналысқан, жарыстарға қатысып жүрген.