$518.53 €588.17 ₽6.39
×

Вьетнамдық компания Қазақстанның бір әуежайын сатып алғысы келеді – Жұманғарин

AstanaTV
06.05.2025ж. 13:29
77
Вьетнамдық компания Қазақстанның бір әуежайын сатып алғысы келеді – Жұманғарин
Фото: istockphoto.com

Вьетнамдық Saviko Group компаниясы Қазақстандағы бір әуежайдағы сатып алғысы келеді. Бұл туралы вице-премьер, ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Танымал вьетнамдық Saviko Group компаниясы бізден Qazaq Air әуе компаниясын сатып алғанын білесіздер, осы жерде дамытқалы жатыр. Жақында ғана ол Қазақстанға келгенде мен онымен кездестім. Ол, сондай-ақ, әуежай сатып алуды немесе оны басқаруға алуды қарастырып жатыр. Өйткені әуе компаниясы үшін қалай болғанда да негізгі әуежай керек», - деді Жұманғарин Ақорда кулуарында.

Министр вьетнамдық компания қарқынды дамып жатқанын және халықаралық әуе компанияларымен жақсы келісімшарттары барын атап өтті.

Айта кетері, Қазақстанға мемлекеттік сапармен Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы То Лам келді. Сапар аясында Ақордада президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер жоспарланған. Сондай-ақ бірқатар маңызды құжатқа қол қойылады.