$514.5 €582.67 ₽6.35
×

Алматыдан 500 шақырым жерде жер сілкінісі тіркелді

AstanaTV
06.05.2025ж. 15:37
90
Алматыдан 500 шақырым жерде жер сілкінісі тіркелді
Фото: Zakon.kz

2025 жылғы 6 мамырда қазақстандық сейсмологтар 5.3 баллдық жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстанның сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулердің ұлттық ғылыми орталығы сейсмикалық станциялар желісімен Астана уақытымен сағат 13:08-де Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 544 км жерде Тәжікстан аумағында орналасқан жер сілкінісі тіркелгені туралы ақпаратты жариялады.

Қазақстандық ұлттық деректер орталығының мәліметінше, ошақ Тәжікстан мен Қырғызстан шекарасында орналасқан. Mb = 5.3 магнитудасы, K = 12 энергетикалық класы. Қазақстанда дүмпулер сезілмеді.

Бұл ретте, зілзала туралы Қырғызстан сейсмологтары да жазды.Мұнда жер сілкінісінің қарқындылығы: Бор-Дебе ауылында – 4 балл, Қара-Киндик, Нұра ауылында – шамамен 3,5 баллды құрады.