$518.53 €588.17 ₽6.39
×

Қазақстанда енді үй жайларды күтіп-баптау мен коммуналдық қызметтер құны АЕК-ке байланысты өседі

AstanaTV
06.05.2025ж. 17:37
55
Қазақстанда енді үй жайларды күтіп-баптау мен коммуналдық қызметтер құны АЕК-ке байланысты өседі
Фото: pixabay.com

Қазақстанда үй жайларды күтіп-баптау мен коммуналдық қызметтер қымбаттайды. Егер бұрын әкімдік ең төменгі тарифті өздері белгілесе, енді төлем АЕК-ке байланысты өседі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Тариф дегеніміз ай сайын коммуналдық төлемдер бойынша өтеуге міндетті үйлерді күтіп-ұстау ақысы. Түбіртектерде бұл "тұрғын үйді кұтіп ұстау шығындары" немесе "үйге ортақ қажеттіліктер" деп тұрады.

Қазір тарифті әкімдіктер белгілейді: Мәселен Алматыда шаршы метрі 40 теңге, Астанада 57 теңге.

Ал жаңа жүйеде жылына бір шаршы метрге 2-3 теңгеден өседі. Өзгерістің бастамашылары бұл үлкен шығындарды болдырмауға көмектеседі деп сендіруде.

Жаңа жүйе біртіндеп өсуді көздейді: жылына бір шаршы үшін 2-3 теңгеден. Өзгерістер бастамашылары бұл техникалық қызмет көрсетуді үнемдеуге байланысты бәрі бұзылған кезде кенеттен болатын апаттар мен үлкен шығындарды болдырмауға көмектеседі деп сендіреді.

Үй жайларды күтіп-баптау оңайырақ болады: Тіркеу автоматтандырылып, стандартты жарғы пайда болады. Бірақ бірлестікті таратуға тек кворум кезінде рұқсат етіледі. Үлкен үйлер үшін (500 + пәтер) дауыс беру мерзімі ұзартылады.

Ал барлық құжаттар – жиналыс хаттамалары, сауалнама парақтары ресми болады.