Қазақстандағы аспаз әрі блогер Руслан Ибрагимов дәстүрлі қазақша етті ерекше етіп пісірмек болып сынға қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ол еттің қамырының түсін өзгерту үшін «белсендірілген көмірді» қосып жіберген. Өзі жариялаған видеода блогер қазанға ет пен қазыны салып асып жатады. Ал шелпегін дайындайтын уақытта қамырға дәріні езіп қосады.
Аспаз башбармақтың дәмі өзгеріп кеткен жоқ дейді.
«Тамақ туралы бұлай айтуға болмайды дейді, бірақ тәбетті қашырады екен», «ұлттық дәстүр мен тамағымызды мазақ қылмай-ақ қой, істеген қылығың жиіркенішті», «тамақты қор қылдыңдар ғой, хайп үшін», «тамаша тамақты не үшін бүлдіресің», «аппақ нанды қарайтып, ырымға жаман», «тойынып, құтырғандық па», деп пікірлер қалдыр желі қолданушылары.