$514.5 €582.67 ₽6.35
×

Ақмола облысында полиция жеңгетайлықпен айналысқан әйелді қамауға алды

AstanaTV
06.05.2025ж. 19:27
45
Ақмола облысында полиция жеңгетайлықпен айналысқан әйелді қамауға алды
Фото: istockphoto.com

Щучинскіде саунада притон ұйымдастырған әйел ұсталды, деп хабарлайды Nayzakokshe Instagram парақшасы.

Сауна иесі жуынуға келген ер адамдарға жеңіл жүрісті қыздардың ақылы қызметін ұсынып, жеңгетайлықпен айналысқан.

Полиция жеңгетайлық фактісі бойынша арнайы операция жүргізіп, күдіктіні ұстады. Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары клиенттер мен жезөкшелікпен айналысқан әйелдердің кім екенін анықтап жатыр.

Сауна иесіне қатысты да тергеу амалдары басталды. Құқық қорғау органдары бұл істе барлық заң бұзушылықты анықтап, тиісті шара қолданатынын мәлімдеді.