$514.5 €582.67 ₽6.35
×

Астана халықаралық форумына мыңға жуық шетелдік қонақ келеді

06.05.2025ж. 20:00
203
Астана халықаралық форумына мыңға жуық шетелдік қонақ келеді

29-30 мамырда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Астана халықаралық форумы өтеді. Оған әлемдік көшбасшылар, сан саланың сарапшылары мен бизнес өкілдері қатысады деп жоспарланып отыр. Астана халықаралық форумы жаһандық диалог пен әлемдегі өзекті проблемаларды шешетін негізгі алаңға айналмақ. Қатысушылар кезек күттірмейтін мәселелерді талқылап қана қоймай, олардың практикалық шешімдерін ұсынады. Әсіресе, сыртқы саясат, халықаралық қауіпсіздік, климаттың өзгеруі, экономика және қаржы тақырыбына басымдық беріледі.

ЕРДІЛДӘ ТАУТЕНОВ, «ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР ИНСТИТУТЫ» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Көрші елдерде алып жатқан геосаяси мәселелер, алпауыт елдердің арасындағы болып жатқан тарифтік соғыс, сауда соғысы мәселелері бүкіл әлем елдерін қамтитын болғандықтан, сол мәселелердің тәуекелдері аз әсер ететіндей шешім табу осы форумның мақсаты болып отыр.