$516.01 €582.47 ₽6.26
×

"Ұлы Жеңістің 80 жылдығы Қазақстан мен Ресей үшін тарихи маңызға ие" , - Е. Қошанов

AstanaTV
06.05.2025ж. 20:00
113
"Ұлы Жеңістің 80 жылдығы Қазақстан мен Ресей үшін тарихи маңызға ие" , - Е. Қошанов

Ұлы Жеңістің 80 жылдығы  Қазақстан мен Ресей үшін тарихи маңызға ие. Ресей Федерациясының елшілігі ұйымдастырған іс-шарада Ерлан Қошанов осылай деді. Қазақ халқы мен батырларының майдан даласына қосқан үлесін ерекше атап өтті. Сондай-ақ қайғылы оқиғалардан сабақ алудың маңыздылығына тоқталып, Қазақстан депутаттары берік достық пен ынтымақтастықты орнату үшін парламенттік дипломатияның мүмкіндіктерін кеңінен пайдаланып отырғанын айтты. "Осыған байланысты Мемлекет басшысы Біріккен Ұлттар Ұйымының жарғысы мен халықаралық құқық қағидаттарын сақтау қажеттілігін үнемі атап көрсетіп келеді" деді Ерлан Қошанов.

ЕРЛАН ҚОШАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ, "AMANAT" ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:


Қазақстан мен Ресей көшбасшылары Жеңістің 80 жылдығының біздің елдеріміз үшін тарихи маңызын бірнеше мәрте атап өткен болатын. Бұл – бәріміз үшін қастерлі, тарихының тамыры тереңде жатқан айтулы күн. Себебі осынау сұрапыл жылдары әкелеріміз бен аталарымыз ортақ мақсат – Ұлы Жеңіс үшін батылдық пен бірліктің ерен үлгісін көрсетті. Соғыстың салқын лебі шынымен әр қазақстандық шаңыраққа әсер етті. Сондықтан жеңімпаздардың – соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің осындай ержүрек буыны жөніндегі естелік Қазақстандағы әр үйде бүгінге дейін сезіледі.