$514.5 €582.67 ₽6.35
×

Қостанайда белсенді жастар «Жеңіс лентасын» таратты

06.05.2025ж. 20:00
82
Қостанайда белсенді жастар «Жеңіс лентасын» таратты

«Жеңіс лентасын» тарату акциясы Қостанайда жалғасты. Игі шараға жастар ресурстық орталығының белсенділері мұрындық болған. Олар екі күн ішінде жүздеген тұрғынның кеудесіне белгі тақты. Акцияның мақсаты- айқын. Өскелең ұрпақты өз елін, туған жерін құрмет тұтуға тәрбиелеу.Батыр бабалар рухына тағзым етіп, бейбіт заманның қадірін білуге үндеу. Жастар бастамасы тоғызыншы мамырға дейін жалғасады. Белсенді топ қаланы аралап, адам көп шоғырланатын аумақтарда  мыңнан астам лента таратпақ.

ЗАРИНА СМАҒҰЛОВА, ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МАМАНЫ:

Бүгін біз қала орталығында «Жеңіс лентасы» акциясын өткізіп жатырмыз.Біз Қостанай облыстық жастар ресурстық орталығы қызметкерлері осы бастаманы қолдаймыз. Және бізге бейбіт өмір сыйлаған ардагерлерге тағзым етеміз.