Астанадағы соғыс ардагерлеріне арналған госпитальда жыл сайын 3 мыңға жуық адам ем алады. Орталық клиника 114 орынға лайықталған. Медициналық қызмет соғыс ардагерлері мен оған теңестірілгендерге көрсетіледі. Мұндағы мамандар еліміздің барлық аймағынан келген майдангерлер мен тыл еңбеккерлеріне ем-дом жасайды. Дәрігерлердің айтуынша, қыс мезгілінде қызмет алушылардың саны азайып, күн жылына көбейеді.
ӘДІЛ ЖҰМАҒАЛИЕВ, СОҒЫС АРДАГЕРЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН ОРТАЛЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ ГОСПИТАЛЬ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Дәл қазір госпитальда 40 адам ем алып жатыр. Біз тағы да 100-ден аса ардагерді күтудеміз. Барлық мамандар бар. Хирургия болсын, урология болсын және де тамақ ішу жөнінде де лечебный питание дейді диетолог мамандар да бар бізде. Барлық жағынан толықтай қамтамасыз ете аламыз.