Қарағандылық оқушылар мен әскери қызметкерлер соғыс ардагерлерін ерекше форматта құттықтады. Жас ұландар батыр аталарының үйлерін аралап соғыс жылдарындағы әндерді шырқап, ізгі лебіздерін білдіруде.
Сұңғат Сәттіғұлов- Ұлы Отан Соғысының ардагері. 18 жасында майданға аттанған. 1942 жылдың маусымынан бастап Сталинград маңындағы шайқастарға қатысты. Бір жылдан соң жараланып, 1944 жылы шайқасқа қайта оралады. Ұлы Отан соғысы жылдарында көрсеткен ерлігі үшін екінші дәрежелі Ұлы Отан соғысы орденімен, «Жауынгерлік ерлігі үшін», «Германияны жеңгені үшін», «Сталинградты қорғағаны үшін» медальдарымен марапатталды. Қарт майдангер балалардың тосын сыйына қатты қуанып, алғысын білдірді.
СҰҢҒАТ СӘТТІҒҰЛОВ, СОҒЫС АРДАГЕРІ:
Бақытты болыңдар, істеген жұмыстарың жақсы болсын! Аспандарың жарық болсын! Елге, жұртқа күлкі болмаңдар. Қазақстан елін жоғары ұстаңдар!