Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Обамен ауыратын адамдар мен үй жануарлары тіркелген жоқ - Денсаулық сақтау министрлігі

AstanaTV
30.06.2017ж. 20:00
3172
Обамен ауыратын адамдар мен үй жануарлары тіркелген жоқ - Денсаулық сақтау министрлігі

Жағдай бақылауда. Бүгінде обамен ауырған адамдар мен үй жануары тіркелген жоқ. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлама таратты. Ал мәжілісмен, бұрынғы төтенше жағдай министрі Владимир Божко, мұның ауыр зардаптары болмайды, деп отыр.

Владимир Божко, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Елде обаға қарсы экспедиция жасақталған.  Егер сырқат туралы дерек анықталса, оны сіздерден бірінші рет естіп тұрмын. Сол топ жұмыс істейді. Оларда техника, дәрі- дәрмек, мамандар бәрі бар. Жүйе бірден іске қосылады. Алда-жалда қауіп төнсе, бірден бетін қайтарады.

Елде обаның ошақтары 8 облыста бар. Ол Қызылордадан басқа Ақтөбе, Атырау, Алматы, Жамбыл, Маңғыстау, Батыс және Оңтүстік Қазақстан облыстары. Елде 2003 жылдан бері оба ауруының деректері тіркелмеген. Инфекциялық ауруды балпақ, суыр, құмтышқан, кеміргіштер мен буын аяқтылар, бүргелер таратады.