$514.5 €582.67 ₽6.35
×

«Құқықтық көмек» партиялық жобасы аясында 100- ден астам ақтөбелік кеңес алды

06.05.2025ж. 20:00
88
«Құқықтық көмек» партиялық жобасы аясында 100- ден астам ақтөбелік кеңес алды

Ақтөбеде «Құқықтық көмек» партиялық жобасы аясында жүзден астам адам құқықтық көмек алды.  Жыл басынан бері 117 өтініштің жетпіс пайызы оң шешім тапқан. Тұрғындардың дені жәрдемақы рәсімдеу, құжаттарын заң жүзінде реттеу, алимент және баспана мәселесімен жүгінеді. Қабылдауға келгендерге заңгерлер, нотариустар, мемлекеттік органдардың өкілдері заң жүзінде кеңес берді. Бұл жоба негізінен халықтың  құқықтық сауаттылығын арттырып, өзекті мәселелерін шешуге негізделген. Осындай көмек облыстың он екі ауданы мен облыс орталығында жүзеге асырылып келеді.

ЕРБОЛ ДАНАҒҰЛОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Құқықтық көмек бұл жерде адвокат көмегі, нотариалдық көмек. Жалпы бұл жерде еңбек заңнамасының бұзылуы, мүгедектікке байланысты құжат рәсімделуі. Қазіргі таңда енді 2024 жылы ажырасу мәселесі көтерілген болатын. Алимент мәселесі де көтеріліп жатыр.


АЙСҰЛУ МҰСАЕВА, ТҰРҒЫН:
 

Мен заңгерлерден үй жайында сұрап, сұраққа жауап алғым келеді. Сол себепті инвалид балам екеуіміз келіп отырмыз. Квартирада тұрамыз. Үй жоқ. Условие жоқ.