$514.5 €582.67 ₽6.35
×

«RoboZerde-2025» I халықаралық робототехника фестивалі өтті

06.05.2025ж. 20:00
75
«RoboZerde-2025» I халықаралық робототехника фестивалі өтті

Астанада Әлихан Мақсұт атындағы «RoboZerde-2025» халықаралық робототехника фестивалі өтті. Дода «Amanat» партиясының қолдауымен ұйымдастырылған. Оған елдің барлық өңірінен және Қырғызстан мен Өзбекстаннан келген оқушылар қатысты. Екі жүзден аса бала 6 санат бойынша бақ сынады. Бұл жиын жастардың робототехника, инженерия, жасанды интеллект және STEM-технология саласындағы жетістіктерін көрсетуге мүмкіндік береді дейді ұйымдастырушылар.

СЕРІКЗАТ ДҮЙСЕНҒАЗЫ, АҚЫН, Л.Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕҰУ ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІНІҢ ДЕКАНЫ:


Үшінші жыл қатарынан өткізіп жатырмыз. Бірінші жыл қалалық деңгейде, кейін республикалық, бүгін халықаралық деңгейді. Келешекте әлемдік деңгейде жасасақ деген үмітіміз бар. Фестивальдің мақсаты – мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жылда айтып жүрген Жолдау, баяндама, сөздерінде айтып жүр, жасанды интеллект, робототехниканы, жалпы технологиялық инновацияны дамыту. Осы мәселені көтеріп жүр.