$514.5 €582.67 ₽6.35
×

Испанияда жұмыс аптасын 37,5 сағатқа қысқарту туралы заң жобасы мақұлданды

AstanaTV
07.05.2025ж. 00:31
67
Испанияда жұмыс аптасын 37,5 сағатқа қысқарту туралы заң жобасы мақұлданды
Фото: freepik.com

Испания үкіметі жұмыс аптасын 40-тан 37,5 сағатқа дейін қысқартуды қарастыраын заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды ресейлік ТАСС.

Бұл туралы баспасөз мәслихаты барысында Корольдіктің Еңбек және әлеуметтік экономика министрі Йоланда Диас мәлім етті.

Оның сөзінше, Испанияның бүгінгіден де жақсы болуы үшін алға жылжып, бизнес пен еңбек нарығын әртараптандырып, адамдарды бақыттырақ етуге бағытталған норма Министрлер кеңесінің апталық мәжілісінде бекітілген.

Бұл жаңалық жалақыны қасқартуды қарастырмайды және 48 млн тұрғыны бар Корольдіктегі 12,5 млн адамның өміріне өзгеріс әкеледі.

Енді бастаманы жергілікті парламент тарапынан қарау поцедурасы басталады. Осыған дейін Диас заңның 2025 жылдың соңына дейін күшіне енуін қолдаған болатын.

2024 жылдың ақпанында Испанияның Депутаттар конгресі (парламенттің төменгі палатасы) үкіметті жұмыс аптасының уақытын қасқартуға шақырған болатын.

Парламент министрлер кабинетіне еңбек кодексіне өзгеріс енгізіп, артынан ақырындап, жұмыс уақытын қысқартуға мүмкіндік беретін әлеуметтік диалог процесін бастауды ұсынды.