"Қазгидромет" РМК бүгін, 7 мамырда Астана қаласында және еліміздің 14 облысында дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Астана қаласында өрт қаупі жоғары болады.
Жамбыл облысының таулы аудандарында күндіз найзағай болжануда. Жел солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, кей жерлерде 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.
Ақтөбе облысының батысында қатты жаңбыр жауып, найзағай мен бұршақ күтіледі. Күндіз жел оңтүстік-шығысқа ауысып, облыс орталығында екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Оңтүстік және оңтүстік-шығысында өрт қаупі жоғары.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде және күндіз әр аймағында найзағай болады. Түнде және таңертең батысында тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан, күндіз 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Оңтүстігінде өрт қаупі жоғары.
Атырау облысының оңтүстігі мен шығысында қатты жаңбыр жауады. Күндіз найзағай мен бұршақ күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғып, 15-20 м/с дейін күшейеді. Оңтүстік-батысында өрт қаупі жоғары.
Ұлытау облысының батысында, шығысында, оңтүстігінде және орталығында өрт қаупі жоғары.
Қарағанды облысында күндіз жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып, екпіні 15 м/с дейін жетеді. Өңірдің батысы, солтүстігі, оңтүстігі мен шығысында өрт қаупі жоғары.
Абай облысында солтүстік-батыс, оңтүстік және орталық бөліктерінде өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысының батысында қатты жаңбыр, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Батыс, солтүстік және орталық бөліктерінде найзағай күтіледі. Батысында тұман түседі. Таңертең және түстен кейін жел солтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Облыстың көптеген бөліктерінде өрт қаупі жоғары.
Қызылорда облысында түстен кейін орталық және шығыс бөліктерінде шаңды дауыл болады. Жел солтүстік-шығыстан соғып, екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Өрт қаупі өте жоғары, әсіресе орталық пен шығыста.
Ақмола облысының батысы мен солтүстігінде найзағай, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Жел оңтүстік-батыстан соғып, солтүстікте 15-20 м/с дейін жетеді. Өрт қаупі батыс пен оңтүстікте жоғары.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батысы мен оңтүстігінде де өрт қаупі жоғары болады.
Павлодар облысының батысы, солтүстігі мен шығысында найзағай күтіледі. Өрт қаупі облыстың батысы, оңтүстігі және оңтүстік-шығысында жоғары деңгейде.
Қостанай облысында түнде және таңертең батыс, шығыс және солтүстік бөліктерінде найзағай болжануда. Оңтүстігінде өрт қаупі жоғары.
Батыс Қазақстан облысының оңтүстігі мен шығысында найзағай, күндіз шығысында қатты жаңбыр мен бұршақ күтіледі. Облыс орталығында өрт қаупі жоғары болады.