$514.5 €582.67 ₽6.35
×

«Сөйлеуге рұқсат жоқ...»: әнші Роза Әлқожа қандай дертке шалдыққанын айтты

AstanaTV
07.05.2025ж. 10:09
54
«Сөйлеуге рұқсат жоқ...»: әнші Роза Әлқожа қандай дертке шалдыққанын айтты
Фото: instagram.com/roza_alqozha

Әнші Роза Әлқожа денсаулығы сыр беріп жүргенін айтты, – деп жазды Aikyn.kz.

Өнер иесі бұл туралы әлеуметтік желіде жазды. Айтуынша, ұзақ уақыт бойы жөтелмен күресіп келеді.

«Қайырлы кеш! Бұлай ұзақ ауырып көрмеппін. Бір айға созылған фарингит (кетпейтін жөтел) екен. Бәрін қойып, ем-домға кірістік. Дәрігер бір апта сөйлеуге рұқсат жоқ деді… Қалай сөйлеспей жүресің?!. Сіздерде де алыс туысқаның келіп, кете алмай қалғандай қимай жүрген жөтел бар ма?! Бұл геноцид! Басқа түк те емес, қайталап айтамын», - деді әнші.

Желі қолданушылары әншіге жылы лебізін білдіріп, денсаулық тіледі.

«Алла шипасын берсін», «Ем болсын, айналайын алтын қыз», «Тез сауығып кетіңіз, апатай», - деп жазды желі қолданушылары.