$510.06 €566.32 ₽6.32
×

Айбынды армия – Тәуелсіздігіміздің қорғаны

AstanaTV
07.05.2025ж. 11:34
145
Айбынды армия – Тәуелсіздігіміздің қорғаны

Айбынды армия – Тәуелсіздігіміздің қорғаны. Әскери парадқа қатысқаг Мемлекет басшысы осылай деді.

«Жұртымыздың ерлік дәстүрі ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа мирас болып келеді. Алтын Орда, Қазақ хандығы кезіндегі баһадүр бабаларымыз кең байтақ жерімізді қорғап, кейінгі буынға аманат етті. Олардың бүгінгі ізбасарлары қазақтың мемлекеттілігін қас қақпай күзетіп тұр. Айбынды армия – Тәуелсіздігіміздің қорғаны. Сарбаздарымыз елдің бейбіт өмірін, тұтастығы мен тыныштығын қорғауда. Қарулы Күштеріміз әлемдегі тұрақтылық пен келісімді сақтауға үлес қосып келеді. Жауынгерлеріміз Біріккен Ұлттар Ұйымының бітімгерлік миссиясына ойдағыдай қатысуда. Бұл – бүкіл әлемдегі Қазақстан армиясына деген зор сенім», - деді Президент.