Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парадқа ел өңірлерінен соғыс ардагерлері келді.
Қазір ел аумағында 105 соғыс ардагері бар. Олар 80 жылдан бері бейбітшіліктің қадір-қасиетін қазіргі ұрпаққа айтып, түсіндіріп келеді. Осы орайда бүгінгі әскери парадқа 6 соғыс ардагері арнайы келіп, қатысып отыр.
Атап айтқанда, Астана қаласынан Рзағұл Байкешев, Алматы қаласынан Владимир Белозеров, Қосшы қаласынан Нұрқасым Әжітаев, Қостанай қаласынан Қасымхан Алдабергенов, Өскемен қаласынан Құрмат Рахимов, Қарағанды қаласынан Григорий Степенко келді.