Алматыда 9 мамыр – Жеңіс күніне орай ауқымды дрондар шоуы өтеді. Бұл туралы мегаполис әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Шара 9 мамыр күні сағат 21:00-де Абай алаңында басталады. Көрермендерге 500-ден астам дрон қатысатын ерекше жарық шоу ұсынылады. Бағдарламада Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен ұлттық батырлардың бейнелері Алматы аспанында жарықпен бейнеленеді.
«Көрермендер Маншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова және Бауыржан Момышұлының бейнелерін заманауи технологиялар мен жарықтық анимация арқылы тамашалай алады. Олардың ерлігі мен рухы символдық көріністер арқылы жеткізіледі», – деді әкімдіктен.
Шоудың финалында көк аспанда қалықтаған тырналар – естелік пен құрметтің белгісі ретінде бейнеленіп, артынан «Жеңіс күні құтты болсын!» деген жазу қазақы оюмен көркемделіп шығады.