Вера Брежнева Астана мен Алматыдағы концерттерінен кейін қазақстандық тыңдармандарына алғысын білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Белгілі украин әншісі Вера Брежнева Алматы мен Астанада өткен концерттері кезінде жылы қабылдағаны үшін қазақстандық тыңдармандарына алғысын білдірді. Әнші Instagram парақшасында концерттерден видео жариялады.
«Рахмет, дякую, спасибо. Алматы, Ташкент, Астана», - деп жазды әнші.
Тыңдармандар жазбаның астында концерттер жоғары деңгейде өткенін жазып жатыр.
"Концерт жоғары деңгейде өтті!!! Эмоция үшін, қуаныш сыйлағаныңыз үшін рахмет. Барлығы жоғары деңгейде болды. Біз сізді тағы да Астанада күтеміз", "Қуатты әйел энергиясын сыйлағаныңыз үшін алғыс айтамын", "Астана лық толды", - деп жазды олар.
Бұған дейін Алматыда қазақстандық фанат Вера Брежневаны дәл сахнада сүйгені хабарланған болатын.