$510.06 €566.32 ₽6.32
×

Түркістан облысында 8 соғыс ардагері бар

Түркістан облысында 8 соғыс ардагері бар

Түркістан облысында  8 соғыс ардагері бар. Соның екеуі  Қазығұрт ауданында тұрады. «AMANAT» партиясының «Ардагерлерді ардақтайық!» жобасы аясында  Ұлы Жеңістің 80 жылдық мерейтойына орай  партиялықтар 99 жасқа қадам басқан Анарбай Мырзахметовті арнайы құттықтап барды. Өмірлік жолы батырлықтың ерен үлгісімен түзілген  қазыналы қарттардың өнегелі тағылымын тыңдап, ақ батасын алды.  Анарбай Мырзахметов соғысқа 1944 жылы өз еркімен аттанып, Украина майданындағы   қиян-кескі шайқастарға қатысқан. Польшаның Варшава қаласын, Германияның Магденбург, Бланкенбург, Берлин қалаларын азат ету әскери операцияларына қатысып, жауынгерлік шеберлігін көрсеткен. Жұбайы Шәмен Мырзахметова  да тылда еңбек етіп, Жеңісті жақындатуға үлес қосты.

АНАРБАЙ МЫРЗАХМЕТОВ, СОҒЫС АРДАГЕРІ:

Жастайымнан соғысқа бардым, соғысқа қатыстым. Көрмеген нәрсені көрдік, қиыншылықты.


ШӘМЕН МЫРЗАХМЕТОВА, СОҒЫС АРДАГЕРІНІҢ ЖҰБАЙЫ, ТЫЛ АРДАГЕРІ:

Тылда істедік 14-імнен. Бидай ордық, кетпен шаптық. Біз 14-імізде не істейміз, жер шабамыз. Екі шал бар. Елде адам жоқ. Нұқыл қыз-келіншектер, басқа жоқ.


Ал, Өндіріс елді мекенінің 102 жастағы тұрғыны Әкімбай Жұмабаев майданға 1942 жылы алынып,  Сталинград шайқасына қатысқан. Майданның алғы шебіне көмек қолы ретінде жіберілген 122 атқыштар бригадасының құрамы Волга өзенін жүзіп өту барысында жаудың қарша боратқан снарядтарының астында қалған. Талай тағдыр үзілген сол шайқаста Әкімбай ақсақал ауыр жараланып,  госпитальға түсті. Содан елге оралып, 40 жыл бойы табан аудармай туып-өскен Тұрбаттағы ауыл шаруашылығы саласында еңбек еткен.