$516.01 €582.47 ₽6.26
×

Оралдық сарбаздар соғыс ардагерін мерекемен құттықтады

AstanaTV
08.05.2025ж. 20:00
103
Оралдық сарбаздар соғыс ардагерін мерекемен құттықтады

Оралдық сарбаздар соғыс ардагері Константин Кочережкинді мерекемен құттықтады. Қария Қиыр Шығыста әскери борышын өтеп, Квантун әскеріне қарсы майданға қатысқан. Жапон жеріндегі қиян-кескі шайқаста батырлығымен көзге түскен жас жауынгер "Ерлігі үшін" медалімен марапатталған. Соғыстан елге оралған соң, еңбекке белсене араласты. Бүгін қарт жауынгердің алдында жас сарбаздар қоян-қолтық айқасқа шығып, ұрыс салудың тың айла-тәсілдерін көрсетті. Бұдан кейін адал еңбегімен танылған жауынгерлер марапатталып, әскери техника мен қару-жарақтың озық үлгілері көрсетілді. Көрсетілген құрметке ризашылығын білдірген қарт майдангер алғысын жеткізіп, аталық тілегін айтты.

КОНСТАНТИН КОЧЕРЕЖКИН, СОҒЫС АРДАГЕРІ:

Әскерге 17 жасымда алынып, небір қанды қырғынның куәсі болдым. Сондықтан бейбітшіліктің қадірін біздің буын жақсы біледі. Сондықтан аспанымыз ашық болсын, соғыс болмасын деп тілеймін! Қазір рақат кезде өмір сүріп жатырмыз ғой, осы қызығымыз ұзағынан болсын дегім келеді.