$516.01 €582.47 ₽6.26
×

Жазушы, журналист Асылан Тілегеннің “Мәншүк Мәметова кім?” атты кітабының таныстырылымы өтті

AstanaTV
08.05.2025ж. 20:00
108
Жазушы, журналист Асылан Тілегеннің “Мәншүк Мәметова кім?” атты кітабының таныстырылымы өтті

Алматы облысы Қарасай ауданында жас ұрпақтың патриоттық рухын көтеруге бағытталған тағылымды шара өтті. Антон Макаренко атындағы орта мектепте болған облыстық конференция  "Оқуға құштар мектеп", “Балалар кітапханасы” жобалары аясында ұйымдастырылған. Әдебиет пен ерлік тарихын ұштастырған шара Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орайластырылып, Мәншүк Мәметова ерлігіне арналды. Конференция барысында жазушы, журналист Асылан Тілегеннің “Мәншүк Мәметова кім?” атты кітабының таныстырылымы өтті. Автордың шеберлік сағаты болды. Бұдан бөлек, жас өнерпаздар Мәншүкке арналған сахналық қойылымдар мен шығармашылық жобаларын ұсынды.  

ГҮЛНАРА БИХОЖАЕВА, ҚАРАСАЙ АУДАНЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ:

Қарасай ауданы бойынша бүгінгі таңда Ұлы жеңістің 80 жылдығына арналған бірқатар маңызды іс-шаралар өтіп жатыр. Соның бірі де бірегейі бүгін өздеріңіз куә болып отырған жаңағы облыстық деңгейдегі Мәншүк Мәметова кім? Яғни осы балалар әдебиетіне арналған кітаптың негізгі авторымен жүздесу және осы бағыттағы тәрбиелік мәні бар мазмұны бар үлкен іс-шара өтуде.